Көкпар

ДАУЫЛБАЕВ ТУРНИРІНІҢ ДОДАСЫ ТАМАШАЛАНУДА

Кеше атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар спортының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің алғашқы ойындары басталды. Сондай-ақ, бүгін даңқты көкпаршы атындағы турнирдің ашылу салтанаты болып өтті.

Жастар арасындағы республикалық ашық турнир Шымкент қаласындағы атшабарда тамашалануда. Турнирде кілең жастардан құралған 8 команда екі топқа бөлініп бақ сынауда. Атап айтқанда, «А» тобында Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Шымкент ат спорты орталығының «Бүркіт» командасы, ал, «Б» тобында Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысының Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының командалары. Назарларыңызға жастар арасындағы көкпардың кеше мен бүгінгі іріктеу ойындарының нәтижесін ұсынамыз.

Алматы облысы – «Бүркіт» (Шымкент). Есеп – 10:2

Маңғыстау облысы – Алматы қаласы.   Есеп – 8:1

Жамбыл облысы – Сайрам ауданы. Есеп – 13:3

Алматы облысы – Алматы қаласы. Есеп – 8:2

Маңғыстау облысы – «Бүркіт» (Шымкент). Есеп – 6:0

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары