Жамбы ату

ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН  І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сары-арқа» велотрегінде 5 желтоқсанда дәстүрлі садақ атудан республикалық жарыс өтті.

     Кезінде дәстүрлі садақ ату спортына қолдау көрсеткен, өзі де осы өнермен шұғылданған Әбсамат Қанайұлын еске алуға арналған бұл елішілік турнирді ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен  республикалық «Садақ ату» федерациясы. Дәстүрлі садақ атудан І республикалық турнирге қатысуға Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Атырау,  Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан алпыстан астам мерген өтінім берді.

Бұл турнирге қатысушылардың ең кішісі – жасы оннан енді асқан бүлдіршін болса, ең үлкен қатысушысы – жасы алпыстан асқан ақсақал болды. Таңертеңнен басталған мергендік бәсекесінің іріктеу кезеңінің өзі түс ауа тәмамдалды. Ал, түстен кейін ақтық сайысқа шыққан мергендердің өнері тамашаланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Дәстүрлі садақ атудан ерлер мен әйелдер арасында өткен  І республикалық  турнирдің нәтижесі төмендегідей қорытындыны көрсетті.

Ерлер арасында:

1 орын  – Тапенов Ербол (Нұр-Сұлтан қаласы)

2 орын – Нұртаев Азамат (Ақмола облысы)

3 орын – Ахметов Диас (Нұр-Сұлтан қаласы)

Әйелдер арасында:

1 орын – Тарыца Анжела (Нұр-Сұлтан қаласы)

2 орын – Ни Юлия (Қарағанды облысы)

3 орын – Сматаева Мадина (Нұр-Сұлтан қаласы)

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары