ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Құсбегілік» федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді.Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды.
⠀
Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры болған.
2018-2019 жж. – Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта Берік Уәли – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.
⠀
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы «Жамбы ату» федерациясының президенті болып Нұрлан Әметов тағайындалды.
Нұрлан Әметов 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Кәсіпкер, меценат.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі