Әлемде

Бангладеш тоғызқұмалақ ойынын дамытуға ниетті

Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай Бангладеш Этноспорт федерациясының атқарушы директорымен кездесті.

Кездесу барысында Бангладеш Этноспорт федерациясының атқарушы директоры әл-Мамун мен Рахат Жақсыбай қазақтың дәстүрлі спорттық ойындарын Азия елдерінде тарату, насихаттау туралы сөйлесті.

Әсіресе аударыспақ, тоғызқұмалақ ойындарын Азия елдерінде кеңінен наихаттау мәселесі талқыланды. Одан бөлек ұлттық спортты насихаттауға, дәріптеуге Бангладеште қандай да бір мүмкіндіктер бар ма? Спортшыларды жамбы ату, аударыспақ спорттарына тартуда қандай да бір тиімділік бола ма деген мәселелер сөз болды.

Елімізге келген Бангладеш этноспорт өкіледері тоғызқұмалақ ойынын Бангладеш этноспортының құрамына енгізіп, сол елде дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастықтың желідегі парақшалары