АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ШЕТЕЛДІК ҚҰСБЕГІЛЕР

 

30 қараша күні Алматыда Құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионаты басталады. Сонда әлемнің онға жуық елінен келген, барлығы жүзге тарта құсбегі бақ сынайтын осы айтулы бәсекеге кімдер қатысады? Қалың жанкүйер біле берсін деген мақсатта бүгін бірнеше шетелдік бүркітшілерді қысқаша болса да таныстыруды жөн көрдік.

              Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі,  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ТІКА» түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, «Қыран» федерациясының ұйымдастыруымен  өтетін Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионатына онға жуық мемлекеттің командалары қатысады. Қазақстанның өзінен жетпістен астам  құсбегі бақ сынамақ. Ал, алыс-жақын шетелдерден жарысқа қатысатын құсбегілер саны жиырмадан астам.

Сонымен, төменде ІІ Ашық Азия чемпионатына қатысатын шетелдік құсбегілер.

Суретте:  Лорензо Гарруто – италиялық бүркітші. 

Суретте: Олажос Ксаба Денес- Мажарстан бүркітшісі. 

Суретте: мажарстандық бүркітші – Зентпетери Левент.

Суретте: КАНАТ ЯРОСЛАВ – СЛОВАКИЯ БҮРКІТШІСІ.

Суретте: КАНАТ ЯРОСЛАВҰЛЫ ЯРОСЛАВ – СЛОВАКИЯ БҮРКІТШІСІ.

Суретте: 2013 жылы Астанада өткен І Дүниежүзілік Бүркітшілер фестиваліне қатысқан испаниялық  бүркітші Хуан Жесус Барриос Бернабе.

 

Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионатының

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

30 қараша
10.00-10.30 Дайындық кезеңі.
10.30-11.00 Құсбегілердің жарысқа қатысу дайындығын сынау.

11.00-14.00 Іріктеу жарысы. 1) Қыран құстарды қолға шақыру. 2) Еркін ұшыру.

14.00-15.00 Түскі үзіліс
15.00-17.00. Іріктеу жарысының жалғасы
1. Бүркітті шырғаға салу.
2. Сұңқарларды далбайға шақыру
17.00-17.30 Жарысты қорытындылау.

1 желтоқсан
10.00-13.00 Жартылай финал. Еркін аң аулау. Бүркітті қоянға салу.
13.00-14.00 Түскі үзіліс.
14.00-15.00 Аңшылыққа қажетті құрал- жабдықтардың көрмесі.
15.00-16.00 Қаршыға, сұңқарларды кептерге, қырғауылға салу.
16.00-16.30 Жарысты қорытындылау.
2 желтоқсан. ФИНАЛ.
10.00- 10.30. Чемпионаттың Салтанатты ашылуы.
10.30-11.20 Еркін аң аулау. Бүркітті түлкіге салу.
Қаршыға, сұңқарларды қоянға салу.
11.20-12.00 Жарысты қорытындылау. Чемпионаттың салтанатты жабылуы.

 

       Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионаты өтетін мекенжай: Алматы қаласының Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында («Автоцонға» қарсы).

Төлеген ЖӘКІТАЙ

Қауымдастықтың желідегі парақшалары