Көкпар

ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ – МҰХТАР ИМАШЕВ

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан желтоқсан айында өткен Алқа мәжілісінде  көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлері бойынша жаңадан тағайындалған федерация басшылары мен вице-президенттерді көпшілікке таныстырған болатын.  Сол жиында «Көкпар» спорт түрі бойынша – Мұхтар Имашев  Қауымдастықтың вице-президенті қызметіне тағайындалған-ды.  Біз ұлттық спорттың дамуына жаңа екпін қоспаққа құлшынған осы азаматты оқырманға  жақынырақ таныстыруды жөн көрдік. 

      ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының  «Көкпар» спорт саласы бойынша вице-президенті – Мұхтар Есенбекұлы Имашев   1970 жылы тамыз айында бұрынғы Шымкент облысы,  Сайрам ауданы, Ақтас елді мекенінде  көп балалы отбасында дүниеге келген. 1987 жылы Ақжар орта мектебін тәмамдады.

Фото-суретте: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының  «Көкпар» спорт саласы бойынша вице-президенті – Мұхтар Есенбекұлы Имашев

        Мұхтар  Имашевтің білімі жоғары.  Шымкент қаласындағы Мемлекеттік Технология Университетінде  «инженер-экономист» мамандығы бойынша және Қазақ Мемлекеттік Заң университетінде   «заңгер» мамандығы бойынша білім алған.         1993-1996 жылдар аралығында Шымкент облысы Қаржы бақылау басқармасында инспектор-ревизор лауазымында қызмет атқарды. 1997 жылдан қазіргі кезге  дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысуда.  2007 жылдан Халықтық Демократиялық «Нұр Отан» партиясының тұрақты мүшесі.

Кәсіпкер Мұхтар Есенбекұлы бірнеше жылдан бері ұлттық спорт жарыстарының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, қауымдастық ұйымдастырған көптеген іс-шараларға белсене араласып келді.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары