АУДАРЫСПАҚТЫҢ ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

                Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында ҚР Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

Аударыспақтан VІII рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

40 келі салмақта:

1 орын – Мейірман Әріпов (Ақтөбе облысы)

2 орын – Азамат Жұмабек (Түркістан облысы)

3 орын – Айбек Жапаров (Жамбыл облысы)

4 орын – Саясат Аманқұлов

50 келі салмақта:

1 орын – Бекзат Қамбар (Түркістан облысы)

2 орын – Абай Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)

3 орын – Сұңқар Тәукебаев (Алматы облысы)

4 орын – Жалғас Орынбасар (Жамбыл облысы)

60 келі салмақта:

1 орын – Мирас Берікбаев (Батыс Қазақстан облысы)

2 орын – Еділ Ерболатұлы (Алматы қаласы)

3 орын – Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе облысы)

4 орын – Бекзат Қапашев (Маңғыстау облысы)

70 келі салмақта:

1 орын – Расул Құрайыш (Түркістан облысы)

 2 орын – Төлеген Мадияр (Қарағанды облысы)

3 орын – Ағаділ Ахатбек (Жамбыл облысы)

4 орын – Айдос Балаев  (Алматы қаласы)

70 келіден жоғары  салмақта:

1 орын – Аслан Есенғарин (Ақтөбе облысы)

 2 орын – Асланбек Сүндетов (Жамбыл облысы)

3 орын – Айдар Ділдабек (Алматы облысы)

4 орын – Азамат Қасымов  (Алматы қаласы)

 

КӨКПАР СПОРТЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ:

 

24.06.2019 ж.

Қызылорда –  Маңғыстау.  Есеп – 8:3.

Алматы облысы – Батыс Қазақстан. Есеп – 10:3

Жамбыл облысы – Ақмола облысы.  Есеп – 11:0

Алматы қаласы – Ақтөбе облысы. Есеп – 8:1.

 

25.06.2019 ж.

Түркістан- Қызылорда. Есеп – 7:2

Алматы қаласы- Ақмола. Есеп – 4:0

Ақтөбе-Жамбыл. Есеп – 6:4

Алматы- Маңғыстау. Есеп – 7:3

 

26.06.2019 ж.

Қызылорда-Батыс Қазақстан. Есеп – 5:2

Маңғыстау-Түркістан. Есеп – 6:0

Жамбыл – Алматы қаласы. Есеп – 7:2

Ақтөбе-Ақмола. Есеп – 9:1

27.06.2019 ж.

Түркістан-Алматы облысы. Есеп – 9:1

Маңғыстау-Батыс Қазақстан. Есеп – 0:3

               Жанкүйер жадына салып өтелік, чемпионат бағдарламасына сәйкес, 29 маусым күні теңге ілу мен жамбы ату бәсекелері тамашаланады. Көкпардың финалдық ойындары мен жарыстың жабылу салтанатты 30 маусымға жоспарланған.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары