АУДАРЫСПАҚТАН ТҰҢҒЫШ РЕТ  ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТЕДІ

 

Аударыспақ тарихында тұңғыш рет «Ақтөбе облысы әкімінің кубогына» арналған республикалық турнир өткізіледі. 16-18 қараша күндері  Ақтөбе қалалық ұлттық спорт мектебінің жабық манежінде ту көтеретін бұл турнирде балуандар 60, 70, 80, 90 салмақта бақ сынайды. Сонымен қатар, абсолюттік салмақта жеңімпаз атанған балуан Ақтөбе облысы әкімінің Кубогын иеленеді.

          Еске салып өтсек, бұған дейін Аударыспақ спортынан үш рет Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аударыспақтан Қазақстан республикасының чемпионаты ХVІІІ рет өткізілді.

2018 жылғы шілде айында Астанада өткен ІІІ Азия чемпионатында Ақтөбе облысының балуандары үш салмақта чемпион атанды. Атап айтсақ, 60 келіде Азамат Серғазин, 70 келіде Шыңғысхан Ержанов және абсолюттік салмақта Арман Сағынбаев қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, ІІІ Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған еді. Үш балуан да Ақтөбе қалалық №3 ұлттық спорт мектебінің түлектері, тәжірибелі бапкер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абат Аймағанбетовтың шәкірттері.

Суретте: Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған ақтөбелік балуандар (оңнан солға қарай): Абсолютті салмақ чемпионы Арман Сағынбаев, Шыңғысхан Ержанов (70 кг), чемпиондар бапкері Абат Аймағанбетов және Азамат Серғазин (60 кг).

             Жүлде қоры жарты миллион теңгені құрайтын «Ақтөбе облысы әкімінің кубогына» арналған республикалық турнирге ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Аударыспақ федерациясы басшылық жасайды. Жарыстың негізгі ұйымдастырушылары – Ақтөбе облысының әкімдігі мен  Ақтөбе қалалық №3 ұлттық спорт мектебі.

Республикалық турнирдің  бағдарламасы

                                         16 қараша

Командалардың келуі.

00-17.00 – Мандаттық комиссия.

00-18.00- Салмақ өлшеу

                                                17 қараша

10.00 – Жарыстың басталуы

12.00 – Жарыстың салтанатты ашылуы

13.00 – Жарыстың жалғасуы

                                             18 қараша

09.00- Жартылай финал мен финалдық белдесулер.  Түйе балуандар сайысы.

13.00.- Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау және жарыстың жабылу салтанаты.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары