Көкпар

АТАҚТЫ КӨКПАРШЫ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

 

2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир өтеді. Көкпардан Жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатыспақшы. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир бұған дейін бірнеше мәрте ересектер арасында ұйымдастырылған болатын.

 

ДАУЫЛБАЕВ Әбілхан – Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылында 13.04.1950 жылы дүниеге келген.  Оңтүстік өңірдегі даңқты көкпаршылардың бірі. Отыз жылдан астам жаппай көкпар шапқан ардагер шабандоз. Көкпардан КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы (1980-1991).  1984 жылдан көкпардан Қазақстан құрама командасының капитаны болды. Командалық көкпардан ҚазССР  спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2010),  «Алтын тұғыр» иегері (2017). Түркістан облысы, Түлкібас ауданы облыстық ат спорты мектебінің директоры қызметін атқарған (2008-2018).  Қазіргі кезде зейнеткер.

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары