Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес 24-27 қазан күндері Тараз қаласында өтті. Ерлер арасындағы елішілік басты бәсекеге Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Павлодар облысы, Тараз қаласы, Шымкент қаласы, Нұр-Сұлтан қаласының командалары қатысты. Сондай-ақ, қыздар арасындағы «Бес асық» бәсекесінде Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Нұр-Сұлтан қаласының командалары бақ сынады.
Биылғы жылы ерлер арасында V рет ұйымдастырылған елішілік чемпионатта Нұр-Сұлтан қаласы 1-орынды жеңіп алды. Еске сала өтсек, осы жылы елордалық команда «Асық атудан» өткен Қазақстан чемпионатында қатарынан үшінші мәрте топ жарып шықты. Аталмыш жарыста Түркістан облысы 2-орынды, Шымкент қаласы 3-орынды иеленді. Ал, қыздар арасында ІІІ мәрте ұйымдастырылған «Бес асық» чемпионатында да елордалықтар бас жүлдеге қол жеткізді. Қостанай облысының командасы 2-орынды, Түркістан облысының командасы 3-орынды қанағат тұтты.
Ерлер арасында «Асық атудан» V рет өткен ҚР чемпионатының
жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1 орын – Жұмағұлов Әділхан, Қайыпбеков Мырзамұрат, Молжігітов Нұрқанат – Нұр-Сұлтан қаласы командасының мүшелері.
2 орын – Айтқұлов Амандос, Қарабаев Алмас, Мұса Биболсын – Түркістан облысы командасының мүшелері.
3 орын – Молжігітов Нұржігіт, Молжігітов Нұрқисса, Көшенов Алиайдар – Шымкент қаласы командасының мүшелері
Әйелдер арасында «Бес асықтан» ІІІ рет өткен ҚР чемпионатының
жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1 орын – Ходжаниязова Анаргүл, Серікова Айжан, Худайбердиева Ұлжалғас – Нұр-Сұлтан қаласы командасының мүшелері.
2 орын – Серкебаева Назерке, Алиева Мариям, Сұлтанова Жанар – Қостанай облысы командасының мүшелері.
3 орын – Тортбаева Арай, Мұса Нурила, Набиғалиқызы Айткүл – Түркістан облысы командасының мүшелері.
Ұлттық спорт ақпараты