ҚАРҚАРАЛЫДА БЕССАЙЫС ӨТТІ

Жуырда Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданы Нұркен ауылында  Кеңес Одағының Батыры  Нұркен Әбдіровтың туғанына  100 жыл толуына арналған «Ұлттық спорт түрлері бес сайыстан» облыстық ашық чемпионат өткізілді. Ұлттық спорт түрлері бойынша  бессайыс Қарқаралы ауданында осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

                 Бұл жолғы бес сайыс ұлттық спорттың «Асық ату», «Қазақ күресі», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ» түрлерінен өткізілді. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының, Бұқар Жырау, Ақтоғай, Жаңарқа аудандарының, Нұркен, Қайнарбұлақ, Жаңатоған, Қасым, Қарағайлы, Тоқтар ауылдарының және Қарағанды, Қарқаралы қалаларының спортшылары қатысты. Бессайыстың негізгі ұйымдастырушысы – Баймақанов Асхат Бейбітұлы.

Жарыстың салтанатты ашылуында Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов «Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау  мақсатында өткізіліп жатқан бес сайыс тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты  мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомдалып шынығуын қажет етеді. Ұлт ойындары атадан балаға мұра болып жалғасып келді. Ал, бүгінгі бессайыс жас ұрпақты асыл мұрамыз бен ұлттық құндылықтарымызды жоғары бағалай білуге баулу болып табылады» деп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановтың  Кеңес Одағының батыры  Нұркен Әбдіровтің туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық спорт түрлері бес сайыс» атты облыстық ашық турниріне қатысушыларына құттықтауын  жеткізді.

Сонымен, ресми атауы «Ұлттық спорт бес сайысынан Қарағанды облысының І ашық чемпионаты» деп аталатын спорттық бәсекеде төмендегі спортшылар жеңімпаз және жүлдегер атанды.

 60 келі салмақ бойынша:

1 орын –  Жиенбек Қобыланды (Қарқаралы ауданы)

2 орын – Тілеухор Қанат (Қарқаралы ауданы)

3 орын – Молдабек Азат (Қарқаралы ауданы)

70 келі салмақ бойынша:

1 орын – Қаһарманұлы Жанайдар (Қарқаралы ауданы)

2 орын – Матай Нұрым (Жаңа-арқа ауданы)

3  орын – Еламан Арнұр (Қарағанды қаласы)

70 келіден жоғары салмақ бойынша:

1 орын – Нұрхан Тілеухан (Қарқаралы ауданы)

2 орын – Бәйбәкір Ерасыл (Жаңа-арқа ауданы)

3 орын – Мұқжан Диас (Қарқаралы ауданы)

Чемпионаттың  салтанатты жабылуында  бірнеше спортшыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы атынан қатысқан спортшы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының қызметкері Ахметов Диасқа «Көрермен көз айымы номинациясы» бойынша арнайы сыйлық  бұйырды.

Ұлттық спорт ақпараты

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары