АНТАЛИЯДАН ЖОЛДАНҒАН СӘЛЕМ

12 желтоқсан күні ҚР Ұлттық құрама командалардың Түркияға аттанған хабарын жариялаған едік. Бүгін Тәуелсіздік күні ҚР Ұлттық спорт командалары Анталиядан атамекенге арнайы сәлем жолдады. Мереке күні оқырман назарына ұлттық спорт саңлақтарының Түркиядан жолдаған осы шағын бейне-роликтері мен фотосуреттерін ұсынуды жөн көрдік.

Қазіргі кезде біздің ұлттық спорт командаларымыз Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынына қызу кірісіп кетті. Еске салып өтсек,  көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ұлттық құрама командаларының тұңғыш рет Қазақстаннан тысқары жерде өткізген оқу-жаттығу жиыны.

 

 

 

Бұл сапарға ұлттық спорт жарыстарында елішілік жарыстардың үздіктері ғана емес, Азия, Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған саңлақ спортшылар іріктеліп алынған-ды.  Мысалы, көкпар командасы спортшыларының бірнешеуі  2013 жылғы Азия және 2017 жылғы Әлем чемпионатының чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері. Аударыспақ, Теңге ілу мен Жамбы ату спортшылары да кілең Азия чемпионаты мен халықаралық фестиваль жеңімпаздары. Команда жетекшілері – ҚР Ұлттық спорт командаларының бас бапкері Қуанышбек Құрамаев,   ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Жанбатыр Бекмұсаев, Нүркен Байбөриев.

Түркияда ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиынын өткізуді ұйымдастырған ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы. Қауымдастықтың атқарушы директоры Рахат Жақсыбай  Түркияның Анталия қаласына ҚР Ұлттық құрама командаларын бастап барды.

Ұлттық спорт ақпараты 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары