ҒАЛЫМЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

            Бүгін Теңге ілу сайысы бойынша жеті  мемлекет спортшылары Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салды.

          Қазақ Елінің намысын қорғауға бұған дейін ересектер арасындағы Азия чемпионатында екі мәрте жүлдегер атанған Ғалымжан Ізжанов пен жас спортшы, биылғы жылғы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Нұрхан Елжанов шықты.

Суретте: Жастар арасындағы І Азия чемпионатында Теңге ілу спортынан чемпион атанған Ғалымжан Ізжанов.  

                 Ғалымжан ІЗЖАНОВ, 17.05.1999 жылы Түркістан өңірінде туған.  Түркістан облыстық  Ұлттық спорт мектебінің спортшысы. ҚР спорт шебері. Спорттық жетістіктері –  Орал қаласында өткен жастар арасындағы ҚР чемпионатында  2 орынды иеленді (2015).  Астана қаласында өткен І ашық Азия чемпионатының жеңімпазы (2015). Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2016). «Ақ бидай» VІ республикалық ауыл спорты ойындарының жеңімпазы (2017).  ІІ Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2018). Петропавл қаласында өткен жастар арасындағы ҚР чемпионатының (2018) және Астана қаласында өткен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивальдің жеңімпазы (2018). 2019 жылғы Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Азия чемпионатына  Моңғолиядан – 3, Ауғанстаннан – 3, Қытайдан – 2, Өзбекстаннан – 3, Ресейден – 3, Тәжікстаннан – 3 барлығы 19 спортшы Теңге ілу спорты бойынша бәсекеге түсті. Нәтижесінде, Азия чемпионатының алтыны мен күміс жүлделері  біздің спортшыларымызға бұйырды.

1-орын: Ғалымжан Ізжанов (Қазақстан)

2-орын: Нұрхан Елжанов (Қазақстан)

3-орын: Жеңісбек Серік (Монғолия)

4-орын: Айболат Ұнат (Монғолия)

5-орын: Нұрболат Тәліпбайұлы (ҚХР)

Ұлттық спорт ақпараты

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары