«АЛТЫН ЖЕБЕ» МЕРГЕНДЕРІ АТҚА МІНДІ

Бүгін тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» Әлем чемпионатына қатысушы мергендер жеребе бойынша ат таңдап, алғашқы даярлық-жаттығуды бастады. Шетелдік спортшылар өздеріне тиесілі болған аттарға бой үйретіп, жарыс алаңына шықты.

  Суретте: І Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрама командасы (солдан оңға қарай)  Айтбек Сарыбай, Ғалымжан Өміртай, Бақдәулет Бабажан, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен бас бапкер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев,  Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков.

Суретте: Қазақстан құрама командасының капитаны, ат үстінен садақ атудан Әлем чемпионы Елдос Бадашев

Суретте: І Әлем чемпионатының бас төрешісі, Монғолия командасының жетекшісі, тәжірибелі бапкер Ром Әуесхан және монғолиялық мергендер

Суретте: Шетелдік мергендердің ат таңдау сәттері

Суретте: Уалид Хауажки – Сирия

Еске салып өтсек, І Әлем чемпионатына онбеске тарта мемлекеттің, отызға споршысы бақ сынайды. Ат үстінен садақ ату жарысы дүниежүзілік ереже бойынша «Азиялық стиль», «Түрік стилі» және «Қазақ стилі» бойынша өтеді. Бүгін кешке осы Әлем чемпионатының ашылу рәсімі ұйымдастырылып, мергендер ертең таңертеңнен бәсекені бастайды.

Суретте: Мороко Любовь – Ресей

Суретте: Альперен Алкан – Түркия

Суретте: Явуз Аяз – Түркия

Суретте: Парк Беом Нам – Оңтүстік Корея 

Суретте: Ли Сунг Хо – Оңтүстік Корея

Суретте: «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы, румыниялық мерген Михай Козмей.

                 «Алтын жебе» І Әлем чемпионатына қатысатын шетел мергендері:

  1. Альперен Алкан – Түркия
  2. Явуз Аяз – Түркия
  3. Уалид Хауажки – Сирия
  4. Али Гурмани – Иран
  5. Труканов Димитар – Болгария
  6. Ходлей Халсон – АҚШ
  7. Франк Сихлер – АҚШ
  8. Парк Беом Нам – Оңтүстік Корея
  9. Ли Сунг Хо – Оңтүстік Корея
  10. Эрденесувд Эрдене – Монғолия
  11. Гантумур Иденбаатар – Монғолия
  12. Уладаев Хонгр – Ресей
  13. Мороко Любовь – Ресей
  14. Гудын Виталий – Украин
  15. Янченко Владимирь – Украин
  16. Михай Козмей – Румыния
  17. Акунов Алмазбек – Қырғызстан
  18. Қадырбекова Аяна – Қырғызстан

«Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс.   Себебі, 2017 жылы және 2018 жылы Елорда төрінде «Алтын жебе» жарысы  халықаралық турнир деңгейінде ұйымдастырылды. Алғашқы жылғы бәсекеде 11 мемлекеттің 19 мергені, ал,  2018 жылғы «Алтын жебеде» 11 мемлекеттің 25 мергені бақ сынады. Қос турнирдің де бас жүлдесін румыниялық сұрмерген Михай Козмей жеңіп алды. Бірінші турнирдің күміс жүлдесін Айтбек Сарыбай, қола жүлдесін Ералхан Айкөз иеленген-ді. Екінші турнирдің күміс жүлдесіне  Ералхан Айкөз, қола жүлдесіне Абзал Тулыбеков қол жеткізген болатын.

   Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары