«АЛТЫН ТҰҒЫР» ЖЕТІНШІ РЕТ ӨТЕДІ 

                ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен  биыл жетінші мәрте тамашаланатын «Алтын Тұғыр-2019» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда өтеді.

                      Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан бұл дәстүрлі марапаттау Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында өтеді. Жетінші мәрте ұйымдастырылатын биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері – 2019 жылғы ұлттық спорттың республикалық, халықаралық бәсекесінде дара шыққан жеңімпаздар болмақ.  Аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан, көкпардан Алматыда өткен Жастар арасындағы І Азия чемпионатында, Елорда төрінде өткен «Алтын жебе» І Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған, бәйге мен құсбегілік бәсекелерінде топ жарған және тоғызқұмалақтан, асық атудан, қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген көптеген спортшылар  «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық деп танылады.

                  «Алтын тұғыр» – жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. «Алтын тұғыр» –  Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын  думанды кеш. «Алтын тұғырда» елімізге танымал әнші-ақындар сахна төрінде өнер көрсетеді.

«Алтын Тұғыр-2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау 5 желтоқсан күні Елордадағы «Қазмедиа» ғимаратының концерт залында өткізіледі. Басталуы сағат 19-00-де.  Келем деушілерге есік ашық.

Ұлттық спорт ақпараты

Қауымдастықтың желідегі парақшалары