Аударыспақ

МҰСАХАН БАЛУАН

  

ЕЛГЕЗЕРОВ Мұсахан – 1928 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында туған. Кеңес одағында өткен ат спорты жарыстарына бірнеше мәрте қатысқан, команда капитаны болған, Аударыспақтан 3 дүркін КСРО чемпионы атанған даңқты балуан.

1960-1970 жылдары Қазақстан республикасы командасының сапында ел намысын қорғаған саңлақ балуанның бірі – Мұсахан Елгезеров. Аударыспақ жекпе-жегінде Мәскеуде, Тибилисиде, Пятигорск және басқа қалаларда сан мәрте қарсыластарын қидай сыпырып ұтқан ауыр салмақты Мұсахан балуан туралы кеңінен жазу алдағы күндердің еншісінде. Біз бұл жолы Мұсахан сайыскер туралы нақты деректерді ғана жариялауды жөн көрдік.

Суретте: 1964 жылы Грузия астанасында өткен ат спорты ойындарында жеңімпаз атанған қазақ балуандары. (солдан оңға қарай) Әукен Саудабаев (бірінші), Мұсахан Елгезеров (үшінші), Жандар Момбаев (төртінші), Талапхан Байқасымов (бесінші). 

Суретте: 1958  жылы 12 мамырда Мәскеу ипподромында  өткен жарыста команда капитаны Мұсахан Елгезеров иеленген марапат қағазы.  Жарыстың бас төрешісі, КСРО маршалы С.Буденныйдың қолы қойылған. 

Қазақстан командасы Мәскеу ипподромында.

Суретте: 1957  жылы Алматыда  өткен жарыста  Мұсахан Елгезеров иеленген марапат қағазы. 

Суретте:   Қара шаңырақта сақталған Мұсахан балуан иеленген сыйлықтар.

Мұсахан Елгезеровтың 3 дүркін КСРО чемпионы атағаны туралы нақты дерек «Казахстан спортивный» кітабында жазылған (1969). Сондай-ақ, Елгезеровтер әулетінің жеке архивінде Мұсахан балуанның КСРО чемпионатының жеңімпазы атанғанда алған марапат қағаздары мен сыйлықтары, Мәскеу, Тбилиси ипподомдарында түскен фотосуреттері мол  сақталған. Дерек беруші – Нұрипа Мұсаханқызы.

Мұсахан Елгезеровтың саналы ғұмыры ауылшаруашылығы саласында өткен. Даңқты балуан Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылында 2001 жылы қайтыс болды.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

Қауымдастықтың желідегі парақшалары